ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ШЫҒЫС ЯВА АРАЛЫНЫҢ ГУБЕРНАТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

07 ақпан 2023 1281 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Индонезияға жұмыс сапары аясында Шығыс Ява аралының Губернаторы Холифа Индар Параванса ханыммен кездесті. 

Кездесуде Губернатор Бас мүфтиге құрмет көрсетіп, Индонезиядағы қазіргі діни ахуалды баяндап өтті. Сондай-ақ елдің рухани дамудағы жетістіктерін сөз етті. 

Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстандағы діни тұрақтылық, екі ел арасында соңғы жылдары қалыптасқан әріптестік байланыстың артқанын айтып, ортақ істе біріге жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді. 

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру