ҚМДБ «Зекет» қоры ауруханаларға 255 дана оттегі желдеткішін табыстады

24 шілде 2020 3947 0
Оқу режимі

Бұл туралы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.

–Біз ел басына күн туғанда асарлатып, жылу жинап, қайырымдылық ісінде шет қалмаған халықпыз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет» қоры «Өмірге үміт сыйла» атты акциясын ұйымдастырып, жамағат пен демеуші азаматтардың көмегімен 255 дана оттегі желдеткішін еліміздегі ауруханаларға жеткізді. Діни басқарманың мұрындық болуымен 200 000-нан астам отбасыларға азық-түлік, 42 000-нан астам медициналық бетперделер таратылды, - деді Бас мүфти.

Бұған дейін аталған баспасөз брифингінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының биылғы құрбан шалудың ерекшелігіне тоқталғанын хабарлаған болатынбыз.  

 

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру