ҚҰРАН ЖАТТАУ ОРТАЛЫҒЫНА КІР ЖУҒЫШ ҚҰРЫЛҒЫСЫ ТАРТУ ЕТІЛДІ (ФОТО)

28 қазан 2025 703 0
Оқу режимі

Елордадағы Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы Құран жаттау орталығындағы шәкірттердің игілігі үшін кір жуғыш құрылғысы тарту етілді.

Игі іс-шараға «Уақып» қорының Астана қаласы өкілдігі бойынша жауапты маманы Нұрбол Оразбай және басқа да дін қызметкерлері мен еріктілер атсалысты.

Қайырымдылық – қоғамдағы мейірім мен ізгілікті арттырып, мұқтаж жандардың көңіліне қуаныш ұялататын игі амал. Бұл бастама халқымыздың бірлік пен бауырмалдыққа негізделген асыл құндылықтарын дәріптеп, ел ішінде ізгі істердің үлгісін көрсетуді мақсат етті.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру