Қызылорда облысының өкіл имамы мерекелік медальмен марапатталды (ФОТО)

07 қараша 2018 6485 0
Оқу режимі

Бүгін Қызылорда қаласының әкімдігінің мәжіліс залында мерейлі шара өтті. Өңірдегі әр түрлі сала мамандары, еңбек ерлері, бірқатар құрметті азаматтар және дін қызметкерлері қатысқан кездесуде қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Сыр өңірінің өркендеп өсуі, күннен күнге дамуы аталмыш азаматтардың еңбегінің нәтижесі екенін атап өтіп, қала күні мерекесімен құттықтады.

Құттықтаудан кейін Н.Нәлібаев қонақтармен бірге облыстағы дін саласының қызметкерлері ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы Б.Абуов және «Айтбай» мешітінің бас имамы Н.Керімбеков сынды Сыр елінің құрметті азаматтарын «Қызылорда қаласына 200 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.

 

Дереккөз: Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру