Қызылорда: қалалық мешіттерде жаңа тағайындаулар болды

10 қыркүйек 2018 6814 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Қызылорда қалалық «Сұлтан» мешітінің бас имамы қызметіне Отызбаев Қайырбек тағайындалды.

Жұма күні ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы қалалық «Сұлтан» мешітінің жамағатымен кездесіп, мешіттің бас имамы қызметін абыроймен атқарып келген Ә.Әбжановқа алғыс білдіріп, мешіт жамағатына жаңа имамды таныстырды.

Сонымен қатар, Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы Н.Керімбеков Қарауылтөбе ауылдық округіндегі «Қарауылтөбе» мешітінің бас имамы қызметін атқарып келген Е.Абдикаримовке өкіл имам Болатбек Ұласқанұлының атынан алғысхат табыстап, мешіт жамағатына жаңа имамды таныстырды. «Қарауылтөбе» мешітінің бас имамы қызметіне Досов Бақдәулет тағайындалды.

Отызбаев Қайырбек Тоқтықбайұлы - 1981 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында туылған.

1998-1999 жж. Түркістан қаласындағы бір жылдық университетте дайындық курсын;
1999-2003 жж. ОҚО, Шымкент қ., «Халықаралық қазақ-араб университетінің «Дінтану және араб тілі» мамандығын тәмамдаған.

2003-2004 жж. Қызылорда қ. «Құддыс ишан» мешітінде ұстаздық;
2004-2005 ж.Қызылорда қ. республикалық діни-танымдық басылым «Нұр» газетінде редактор;
2005-2012 жж. Республикалық діни-танымдық басылым «Нұр» газетінің бас редакторы.

Сонымен қатар қоғамдық негізде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз хатшы;
2012-2014 жж. Астана қаласындағы «Нұр Астана» орталық мешітіне қарасты ресми «ummet.kz» сайтының редакторы;

2014-2015 жж. Атырау облысының «Иманғали» орталық мешітінде 1-наиб имамы;
2015-2016 жж. Астана қаласындағы «Нұр Астана» орталық мешітіне қарасты ресми «ummet.kz» сайтының бас редакторы, редакция алқасының жетекшісі;
2016-жылдың маусым айынан Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінің наиб имамы; Қоғамдық негізде ҚМДБ-ның «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің «Жастар ісі» секторының Қызылорда облысы бойынша үйлестірушісі болып қызмет атқарып келеді.

Досов Бақдәулет Сəбетханұлы - 1993 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ш.Қодаманов ауылында дүниеге келген.

2012-2015 жж. Ақтөбе қаласы, «Ақтөбе» медресе колледжін тәмамдаған.
2015-жылдан бастап Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінде азаншы болып қызмет атқарған.

Дереккөз: http://muftyat.kz

Пікірлер Кіру