Қызылорда: Қармақшыда ғылыми-танымдық конференция өтті Қызылорда өңірінің баспасөз қызметі

18 қазан 2018 7879 0
Оқу режимі

Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Қармақшы ауданының құрылғанына 90 жыл толуына арналған «Қармақшы – елдік пен ерлік мекені» атты ғылыми-танымдық конференция өтті. 

Конференцияға облыс әкімі Қ.Көшербаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Б.Еламанов, облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов, «Қармақшы ауданының Құрметті азаматы» Б.Досманбетов, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы және аудан әкімі С. Мақашов қатысты.

Конференция барысында мерейтойға орай ауданымыздың тарихы мен табиғатын, мәдени мол мұрасы мен осы топырақта дүниеге келген жыршы-жыраулары мен батырлары, билері мен еңбек ерлері, азаматтары мен тәуелсіздік жылдарында қол жеткен жетістіктері туралы жазылған кітаптың тұсауы кесілді.

Әрі қарай осы кітаптың Ақылдастар алқасының жетекшісі Б. Кәрібозұлы және Ә. Әуезханұлы, Б. Сәрсенұлы, Т. Сахаұлы, А. Нұрмаханұлы ауданымыздың 90 жылдығына орай құттықтауларын жеткізіп, баяндамалар оқылды.

Дереккөз: http://muftyat.kz

Пікірлер Кіру