«РАИСА АНА» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ (ФОТО)

26 қыркүйек 2025 854 0
Оқу режимі

«Раиса ана» мешітінде әйел жамағаты Мәуліт мерекесін атап өтті. Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілікті паш етуге жиналған қауым бір-біріне қуаныш сыйлап, мерекелік көңіл-күйде бас қосты.

Шара барысында пайғамбарымызға салауаттар айтылып, тағылымды насихаттар жүргізілді. Алдын ала дайындалған салауат жарысы жамағаттың белсенділігін арттырып, мерекеге ерекше сән берді. Жарысқа қатысқан әйелдер пайғамбарымыздың өнегелі өмірін еске алып, жиналғандарға рухани әсер сыйлады.

Іс-шара соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Бұл игі қадам олардың ынтасын арттырып, діни мерекеге деген ықыласын күшейтті.

«Раиса ана» мешітіндегі Мәуліт мерекесі әйел жамағатының ұйымшылдығын, имандылыққа деген сүйіспеншілігін және ортақ құндылықтарды насихаттаудағы белсенділігін айқын көрсетті.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру