«РАИСА АНА» МЕШІТІНДЕ ЖАМАҒАТҚА «MUFTIYAT» БАСПАСЫНЫҢ КІТАПТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

06 қазан 2025 766 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Махмұд Қасым «Раиса ана» мешітінде жамағатқа «Muftiyat» баспасынан жарыққа шыққан кітаптарды таныстырды.

Басқосу барысында жамағатқа кітаптардың мазмұны таныстырылып, олардың тәрбиелік, тарихи және рухани маңыздылығы сөз болды. Жиынға қатысқан жамағат та кітаптарға қызығушылық танытты.

Расында кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі. Жадыны және ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адам жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады. Талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді. Кітап оқу – адам бойында бұғып жататын шығармашылық қабілеттерді дамытады. Және осы секілді орасан зор пайдалары бар.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру