«РАИСА АНА» МЕШІТІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖАТ АҒЫМНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)

28 тамыз 2025 1055 0
Оқу режимі

Астанадағы «Рахымқызы Раиса ана» мешітінде дін қызметкерлеріне жат ағымның алдын алу бағытында жиын өтті.

Басқосуға ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің маманы Ислам Маратұлы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, Діни оңалту бөлімінің Астана қаласы өкілдігі бойынша жауапты маманы Рақымқазы Қабдысалым және мешіт бас имамы Қалижан Заңқоев бастаған имамдар мен ұстаздар қатысты.

Мамандар өз сөзінде жат ағым идеологиясының отбасылық құндылықтарға, жастар санасына және қоғамдағы бірлік пен тұрақтылыққа тигізетін кері әсерін атап өтті. Осыған байланысты имамдардың жауапкершілігі айрықша екені айтылды.

Осы орайда дін қызметкерлеріне жамағатпен тығыз байланыс орнатып, әсіресе жастарға діни сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізудің маңызы ерекше екені айтылды. Халықпен ашық әңгіме құру, сұрақтарына нақты жауап беру және діни ақпаратты дұрыс жеткізу – қоғамды теріс ағым ықпалынан қорғаудың басты тетігі ретінде аталды.

Семинардың негізгі мақсаты – жат ағымдардың алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізу, оңалту қызметін күшейту және қоғамдағы діни тұрақтылыққа үлес қосу.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру