РАМАЗАН-2026: 699 МЕШІТТЕ ҚҰРАН ХАТЫМ ОҚЫЛУДА

07 наурыз 2026 57 0
Оқу режимі

Бұл туралы бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл хабарлады.

«Рамазан айында еліміздегі 699 мешітте тарауық намазында Құран хатымы өткізілуде. Оның 513 мешітінде хатым Қадір түнінде аяқталады. Хатым оқуға барлығы 920 қари қатысуда.

Сонымен қатар «Хатым Құран» жобасы аясында 564 мешітте бесін намазынан кейін жамағатпен бірге күн сайын 1 пара Құран оқу ұйымдастырылып, оған 15 425 адам қатысуда. Ал «Бір күнде бір хатым» жобасы бойынша 513 топ құрылып, бүгінге дейін 2689 хатым Құран оқылды.

Рамазан айында оқу-ағарту жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, 859 мешітте Құран оқу курстары ұйымдастырылып, оған 10 719 адам қатысуда. Сонымен қатар 823 мешітте «Намаз оқып үйренейік» курстары өткізіліп, оқу бағдарламасын 3672 адам толық аяқтады.

Білім сайыстары да ұйымдастырылып, «Рамазан – Құран айы» тақырыбында 82 мешітте 83 жарыс өткізіліп, оған 1158 адам қатысты. Сонымен қатар 722 мешітте «Пәтуа сағаты» ұйымдастырылып, 9345 азаматтан 14 023 сұрақ қабылданып, тиісті жауаптар берілді»,- дейді Хасан Ташайұлы.











Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру