«СӘДУАҚАС ҚАЖЫ ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНІҢ ИМАМДАРЫ КІТАП ДҮКЕНДЕРІН ТЕКСЕРІСТЕН ӨТКІЗДІ (ФОТО)

27 наурыз 2024 371 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің имамдары құлшылық үйінің маңайындағы дүңгіршектерде сатылып жатқан діни кітаптарды тексеріп шықты.

Діни әдебиеттерді көз елегінен өткізу барысында теріс ағымдарға қатысты ешқандай оқулықтар табылған жоқ. Сәйкесінше сөредегі еңбектердің барлығы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сарапатамасынан өтіп, оң бағасы берілген.

Айта кетсек, ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіттерде жамағаттың оқуына арналған діни кітаптар үнемі қадағаланып, имамдардың сүзгісінен өтіп келеді.

Возможно, это изображение 3 человека, улица и текст «дни тауарпар кэусар дукені магазин религиозных товаров»

Возможно, это изображение книга и текст

Возможно, это изображение 2 человека, борода, шляпа, шляпный магазин и текст

Пікірлер Кіру