САРАПШЫЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ ТАНЫМАЛ ҒАЛЫМДАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

25 мамыр 2024 379 0
Оқу режимі

Бүгін Алматыда өтіп жатқан ҚМДБ Сарапшылар кеңесінің кезекті мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кеңес құрамы елімізге танымал ғалымдармен толыққанын мәлімдеді.

ҚМДБ Төрағасының шешіміне сәйкес, Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы Дүйсенбай, ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы Аманқұлов, елімізге белгілі қари, Құранның 7 қирағатын меңгерген ғалым Еркінбек Керімбекұлы Шоқай, әлемге әйгілі әл-Азһар университетінің шариғат факультетінің түлегі, елімізге танымал ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы Жұмабеков Сарапшылар кеңесінің мүшелігіне қабылданды.

Бас мүфти бұған дейін белсенді жұмыс нәтижесін көрсеткен Ершат Ағыбайұлына, Смайыл Сүйерқұлұлына, Ерболат Нұрылдаұлына, Қалижан Байырбекұлына, Мұхитдин Исаұлына, Арман Баймаханұлына айрықша алғысын білдірді.

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру