«Шымкент» медресе-колледжінде жаңа шағын футбол алаңы ашылды (ФОТО)

18 қыркүйек 2019 4872 0
Оқу режимі

Жуырда Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент» медресе-колледжінде жаңа шағын футбол алаңы пайдалануға берілді.

Салтанатты ашылу шарасына Шымкент қаласы бойынша өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров қатысып, өкіл имам Бақтыбай қажы Бейсенбаевтың құттықтау сәлемін жеткізді.

Шағын футбол алаңы медресе-колледж директоры Талғат Әсембайдың бастамасымен жуық арада салынып, пайдалануға берілді. Енді студенттер арасында тұрақты футбол, воллейбол т.б, ойындар өткізілетін болады.

Айта кету керек, бүгінде аталмыш оқу орнында 434 студент тәлім алуда. 

 

Дереккөз: МДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру