Шымкентте «KazBuilding-10» ЖШС халал сертификатына ие болды (ФОТО)

02 желтоқсан 2020 3242 0
Оқу режимі

ҚМДБ Шымкент орталық мешітінде өткен жылдық қорытынды есепте түрлі сусындар шығаратын «KazBuilding-10» ЖШС ҚМДБ-ның «Халал Даму» ұйымының сертификатына ие болды.

Ресми шараға барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС директоры Айбек Асқарбекұлының сәлемін жеткізіп, түрлі сусындар шығаратын кәсіпорын директорына халал сертификатын табыс етті.

«Осындай адал өнім шығаратын кәсіпорындардың саны арта берсін дегіміз келеді. Алла істеріңізге адалдық, кәсіптеріңізге береке берсін!» деді бас имам Б.Абдрахманов.

Дереккөз: Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру