Талғарда көпір қолданысқа берілді (ФОТО)

26 маусым 2020 3906 0
Оқу режимі

Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толды. Мерейтойдың құрметіне ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «30 жылдыққа 30 игі шара» науқаны аясында республика бойынша бірқатар іс-шаралар қолға алынған болатын.

Кезекті шараның бірі Талғар ауданында өтті. Ауданға қарасты Талдыбұлақ пен Бірлік ауылдарын жалғайтын көпір ел игілігіне берілді. Игі шараға ҚМДБ-ның Қайырымдылық және уақып істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан қажы Бекбосынұлы арнайы келіп, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық ықыласын жеткізді.

Алматы өңірінің бас имамы Қуаныш қажы Бақытбекұлы мерейтой құрметіне жасалған облыстағы екінші көпір екендігін айтып, өңір бойынша басқа да бірқатар шаралардың жүріп жатқандығын жеткізді.

Ал Талғар ауданының имамы Қажымұхан Қамбарұлы көпір салуға қолдау көрсеткен барша азаматтарға алғысын білдірді.

Дереккөз: Алматы аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру