ТЕГІН ФОТОСЕССИЯ: Бас мешіттегі «Жұма галереясы» (ФОТО)

18 қазан 2019 4987 0
Оқу режимі

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде әр жұма сайын өткізіліп тұратын «Тегін фотосессия» жобасы бүгін де өз жалғасын тапты. Осыдан бірер апта бұрын Бас мешіттің ресми порталы Muslim.kz сайтының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қасиетті жұма күні мешітке келушілер үшін тегін фотосессия ұйымдастыру қолға алынған болатын.

Сәулеті мен сәні келіскен құлшылық ордасына дәл осы күні көптеген жандардың арнайы ат басын бұратыны белгілі. Тіпті, алыстан келген қонақтардың қарасы да дәл осы жұма күні көбейе түсетіні тағы бар. Келушілердің көбісі Елорда төрінде маңғаздана орныққан алып мешіттегі сапарынан сыр шертетін естелік суретке түскісі келетіні жасырын емес. Осы орайда, Muslim.kz порталы өз оқырмандары мен мешіт жамағатын сапалы суреттермен байытып, құлшылық ордасындағы қуанышты сәттерін естелікке сыйға тартып отырмақ.

«Жұма галереясы» суреттерін Muslim.kz порталының  «ФОТОГАЛЕРЕЯ»  айдарынан жүктеп алуға болады.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру