Түркия мешіттері ТЖМ жұмысына жұмылдырылды

15 наурыз 2019 5918 0
Оқу режимі

Жақын арада Түркия мешіттері түгелдей дабыл және хабарландыру жүйесімен жабдықталатын болмақ. Түркия Дін істері басқармасы мен Үкімет жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және құрықтау басқармасы арасындағы келісім бойынша енді түрік еліндегі құлшылық ордалары апатты оқиғалар кезінде дабыл көтеріп, хабарлама тарататын болады.

Айта кетейік, бұл бастама алғаш рет 2016 жылғы әскери төңкерістен кейін көтерілген болатын. Шілде айының 15-нен 16-на қараған түні орын алған оқиғаны Анкара, Стамбул секілді ірі қалалар тұрғындары мешіт мұнараларында орнатылған дауыс күшейткіштер арқылы естіп-білген.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру