Ұлық мереке ұлттық нақышта тойланатын болады (ФОТО)

07 тамыз 2019 784 0
Оқу режимі

Қасиетті Құрбан айт мерекесі ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы құлшылық ордаларында ұлттық нақышта әрленіп, салт-дәстүр сабақтастығы айрықша дәріптелетін болмақ. Осы орайда Бас шаһардағы мешіттер ауласына айт күндері арнайы киіз үйлер тігіліп, қазақы қонақжайлығымыз паш етіледі.

Айт намазына жиылған жамағат арасында бұл күні ұлттық спорт ойындары бойынша сайыстар ұйымдастырылып, думанды мерекеге ұласатын болмақ. Сондай-ақ, қаладағы құлшылық ордаларында «Мейірімділік мекені» жобасы аясында қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастыру жоспарланған. Бұған қоса, мереке мейірін сезіндіру мақсатында «Құрбан айтта қуандыр!» атты қайырымдылық жобалары да жандана түспек.

Құрбан айт мерекесіне қатысты бүгінгі өткен баспасөз конференциясында осындай игі жоспарлар жайы айтылып, қаладағы құлшылық ордаларының ұлық мерекеге әзірліктерімен бөлісті.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру