Үздік имам шипажайға жолдама алды

11 маусым 2019 160 0
Оқу режимі

Сыр имамдарының алқалы жиынында Қармақшы ауданының бас имамы Жақсыбек Әбиұлы облыс имамының алғыс хатымен марапатталып, шипажайға жолдама алды, деп хабарлайды Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

«Алқалы жиында Қармақшы аудандық мешітінің жұмысы үздік деп танылған. Қармақшы мешіттері қоғамдағы жұршылыққа рухани дем беріп, ислам дінінің насихатталуында зор жетістікке жетіп келеді» – деп жазылған баспасөз хабарламасында. Қазіргі таңда аудан көлемінде ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорымен бірлесіп «Ел үлесі пәтерге» әлеуметтік жобасы жүзеге асуда.
 

Пікірлер Кіру