«Ырыскелді қажы» мешіті «Мектепке жол» акциясын аяқтады (ФОТО+ВИДЕО)

29 тамыз 2019 8065 0
Оқу режимі

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы 11 мешіт бойынша өткізілген «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өз мәресіне жетті. Өткен жұма күні қаладағы «Әл-Ғани» мешітінде бастау алған қайырымдылық акциясы содан бері арнайы кезек бойынша барлық мешіттерде өткізіліп келген болатын.

Бекітілген кесте бойынша бүгін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы «Ырыскелді қажы» мешітінде өткізілді. Салтанатты шараға өкілдік атынан «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Қанат Қыдырмин қатысып, мұқтаж отбасыларға мектеп сөмкелері мен қажетті құрал-жабдықтар жиынтығын табыстап қайтты.

Мешіт бас имамы Яхия Абдоллаұлының айтуынша, «Ырыскелді қажы» мешіті биыл 110 оқушыны мектепке дайындаған.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру