«ЫРЫСКЕЛДІ ҚАЖЫ» МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ «БІРЛІК» АЛТЫН МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)

25 қазан 2022 2731 0
Оқу режимі

Республика күні ұлттық мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Исмаилов Яхияхожа Абдоллаұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен наградталды.

Яхияхожа Исмаилов – Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Астана қаласындағы «Ырыскелді қажы» мешітінің Бас имамы. Ол елдің діни сауатын ашуға, жастарды имандылыққа тәрбиелеуге, достықты дәріптеуге өлшеусіз үлес қосып келеді. Жезқазған және Солтүстік Қазақстанда бас имам қызметтерін атқарды. Бүгінде Астана қаласы «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы. Мемлекеттік марапат оған халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін берілді.

«Мереке дегеннің өзі халықты біріктіретін, бірлікке, берекеге шақыратын дүние ғой. Ұлттық мерекеміз біздің жүрегімізге орнығып, ел болып тойлап жатырмыз. Дербестікке бастаған декларация қабылданды. Дәл осы мерекеде марапат алып жатқаныма қуаныштымын. Еңбектің бағаланғаны, істеген ісіміз жемісі. Бұл ортақ жетістігіміз. Республика күні құтты болсын», – Яхияхожа Абдуллаұлы.

 

 

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру