«Зейін» оқырмандар клубы ашылды (ФОТО+ВИДЕО)

11 қаңтар 2020 6691 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі, «Рухани жастар» қанаты мен «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен «Зейін» оқырмандар клубы ашылды. Алғашқы кездесуге блогер, журналист Назерке Сұлтанбек келіп қатысты. Ол жастарға кітап арқылы білім алудың артықшылықтары жайында айтып, өз білгендерімен бөлісті. Артынша жиналған жұртшылық көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алды.

ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Әділет Көпен кітап оқудың түрлері мен әдіс тәсілдері жайында әңгіме өрбітсе, «Рухани жастар» қанатының жетекшісі Махамбет Искандеров жаңадан ашылған клубтың мақсаты мен міндеттері жөнінде түсіндіріп кетті. Ал, енді ғана тұсауы кесіліп отырған клуб қатысушылары өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарын да ала келіпті. Айланыш ханым аталмыш клубқа мұқабасы көркем түрде безендірілген құнды кітапты сыйға тартты. 

Кеш соңында қатысушылар клубтың алдағы жоспарларына сәттілік тілеп, өз ризашылықтары мен ақ тілектерін айтты.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Пікірлер Кіру