Жамбыл облысында 3 қызметтік үй қолданысқа берілді (ФОТО)

16 қыркүйек 2020 2810 0
Оқу режимі

Жамбыл облысының Жамбыл ауданында дін мамандарына 3 қызметтік үйдің кілті табысталды.

Жас дін мамандарын қолдау, имамдардың ауылды жерде қызметін жемісті атқарып, тұрғын үй қиындығын көрмей, өңірдің діни ахуалын реттуде алаңсыз еңбек етуі мақсатта жасалған игілікті шараның ресми жиыны өтті.

Шарада Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев пен ауыл ақсақалы дін мамандарына жылы лебізін білдіріп, батасын берді. Шымкенттен ат артып келген РАНТ мүшесі Еркебұлан Қарақұлов шараның қонағы болды.

Үш баспананың қолданысқа берілуі аудан үшін жетістік. Адам өміріндегі ең маңызды дүние – руханият. Осы салада бағыт-бағдар беріп, өзіне ұйытып, көш бастайтын дін мамандарына қолдау көрсету – еліміздің өркендеуіне қосқан үлес. Өйткені болашақ иманды ұрпақтың қолында.

 

Дереккөз: asyldin.kz

Пікірлер Кіру