ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫ: «AQ MESHIT» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ (ФОТО)

13 қыркүйек 2025 1212 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Aq meshit» мешітінде Жастар ісі секторына жауапты маман Әлім Жақыптың ұйымдастыруымен екі өмірдің сардары, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мәуліті аталып өтті.

Ақ дастархан жайылған рухани кеш қасиетті Құран  аяттарымен басталып, Мәуліт жыры оқылды. Пайғамбар өмірі жайлы тағылымды уағыз айтылып, жамағат арасында Сирадан викториналық сұрақ-жауап сайысы өтті. Ұйымдастырушылар тұщымды жауап берген жамағатқа сыйлықтар тарту етті.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру