Железин мешітінде халал қасапшылар семинары өтті

17 шілде 2019 4989 0
Оқу режимі

Маусым айында Павлодар облысының Халал өкілдігінің ұйымдастыруымен «Мәшһүр Жүсіп» облыстық мешітінде қасапшыларға арнайы семинар өткізілді. Аталмыш жиынға Железин ауданынан екі қасапшы Рустам К. пен Мұратбек Х. қатысты.  Семинардың мақсаты қасапшы адамдарға халал туралы сауаттарын ашу және шариғат талаптары бойынша малды бауыздап бөлшектеуді үйрету болатын.

 «Железин» аудандық мешітінде 12 шілде де  жұма намазынан кейін бас имам Төлеген Мұратұлы жиналған жамағаттың алдында семинарға қатысқын екі қасапшы жамағатымызға сертификат, қасапшы куәлік және өз қасапшылық мөрін табыстады. Құрбан айтқа дейін халалдан сауатты қасапшылардың қатарын көбейтеміз деп айтылды. Каримов Рустамның өзінің жеке дүкені бар.

Тегтер: халал

Дереккөз: mazhab.kz

Пікірлер Кіру