Жүздеген жұмысшыға ыстық тағам таратты (ФОТО)

20 ақпан 2020 4674 0
Оқу режимі

Алматы аймағы Талғар ауданының бас имамы Мұсабек қажы Тағанұлының бастамасымен қайырымдылық шарасы өтті.

Жылдағы үрдіске айналған шара барысында ауданға қарасты «Тұздыбастау» мешітінде ыстық тамақ пен шәй дайындалып, жүзге жуық жол тазалаушы жұмысшыларға үлестірілді.

Еріктілер жылы қарсаңында «Нұрлы жүрек» ерікті жастар тобымен бірлесе ұйымдастырылған игі шараға жұмысшылар дән риза болып, алғыс айтты.

 

Дереккөз: Алматы аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру