АРАҚ-ШАРАП САТАТЫН ЖЕРДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ МА?
АРАҚ-ШАРАП САТАТЫН ЖЕРДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ МА?
Жауап
Жауап: Шариғатымызда мұсылман адамның арақ-шарап сатуына, сатып алуына тыйым салынады. Ибн Омар (р.а.) риуаят еткен хадисте Алланың елшісі шарапқа байланысты мынандай он нәрсеге қарғыс айтқан: «Арақ он түрлі қырынан қарғысқа ұшырады: арақтың өзі, оны ішуші мен құйып беруші, сатушы мен сатып алушы, дайындаушы мен дайындатушы, әкелуші мен әкелдіруші және арақтан түскен пайданы жеуші Алла тарапынан қарғысқа ұшырады»[1].
Алла Тағала Құранда: «Жақсылық пен тақуалықта бір-бірлеріңе жәрдем беріңдер! Ал күнә мен дұшпандықта бір-біріңе жәрдемдеспеңдер!»[2] – деген. Сондықтан арақ-шарап сату күнәлі іске жәрдем беру болғандықтан ондай жерде жұмыс істемеген дұрыс.
ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі
[1] Имам Әбу Дауід, № 3674.
[2] «Мәида» сүресі, 2-аят.
Автор: айтбай арслан