БАЛАНЫҢ ҚҰЛАҒЫНА АЗАН ШАҚЫРЫП, ЖАҚСЫ АТ ҚОЮ ҮКІМІ?

05 қараша 2025 531 0
Оқу режимі

БАЛАНЫҢ ҚҰЛАҒЫНА АЗАН ШАҚЫРЫП, ЖАҚСЫ АТ ҚОЮ ҮКІМІ?


Жауап

Жауап: Ислам шариғаты бойынша да туылған баланың құлағына азан шақырып ат қою – сүннет. Шариғат бойынша нәрестенің оң құлағына азан, сол құлағына қамат айтылады. Хадисте: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қызы Фатима Әлиұлы Хасанды босанған кезінде оның құлағына намазға азан айтқандай азан айтқан»[1]. Келесі хадисте: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Хасан (р.а.) туылған уақытта оның оң құлағына азан айтып, сол құлағына қамат айтқан»[2].

Сондай-ақ, балаға қойылған есім мағыналы, естілгенге әдемі болуы керек. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «(Сәбилерге) пайғамбарлардың есімдерін беріңдер. Есімдердің Аллаға сүйкімдісі – Абдулла, Абдурахман, ең дұрысы– Харис (егінші, диқан, кәсіп етуші), Һәммам (жігерлі, майталман), ал ең жаманы– Харб (соғыс) және Мурра (ащы)»[3] – деген.

                                                                        ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі


[1] Әбу Дәуід, №5105. Тирмизи, №1594.

[2] Имам Бәйһақи.

[3] Бухари, №814. 

 

Автор: айтбай арслан

Пікірлер Кіру