Намаз оқымаған адам кәпір ма?

12 шілде 2018 16653 0
Оқу режимі

Намаздың исламдағы орнын айта кетсеңіз. Кейбір жандар «кәпір мен мүміннің арасындағы перде – намаз» деген хадиске сүйеніп, намаз оқымайтын адамдарды кәпірге шығарады. Бұл қаншалық дұрыс?


Жауап

Бес уақыт намаз әрбір балиғат жасына жеткен, ақыл-есі сау барлық мұсылманға парыз. Оның па­рыз­ды­ғы Құ­ран, сүн­нет жә­не иж­мағ дә­лел­де­рі­мен анық­тал­ған. Құ­ран­ның көп­те­ген же­рін­де: «На­маз оқың­дар жә­не зе­кет бе­рің­дер», – деген аяттармен на­маз­дың өте ма­ңыз­ды па­рыз екен­ді­гі біл­діріл­ген. Олар­дың кейбі­рі мы­на­лар: «Бар­лық на­маз­дар­ды жә­не ор­та на­маз­ды сақ­таң­дар»[1], «Ра­сын­да, на­маз бел­гі­лен­ген ар­найы уа­қыт­тар­да па­рыз етіл­ді»[2], «Алайда, олар бар­лық бұ­рыс дін­дер­ден бойын ау­лақ ұс­тап, шы­найы түр­де Аллаһ­қа құл­шы­лық ету­ден, на­маз­ды тұп-ту­ра оқу­дан жә­не зе­кет бе­ру­ден өз­ге нәр­се­ге әмір етіл­ме­ген бо­ла­тын»,[3]«На­маз­ды то­лық оқың­дар...»[4].

«Ибн Омар­дан (р.а.) риуаят етіл­ген бір ха­дис­те Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.ғ.с.) бы­лай дейді: «Ис­лам бес нәр­се­ден тұ­ра­ды: Аллаһ­тан бас­қа құ­дай жоқ жә­не Мұ­хам­мед Аллаһ­тың Ел­ші­сі еке­ні­не куә­лік ету, на­маз оқу, зе­кет бе­ру, ша­ма­сы кел­се қа­жы­лық­қа ба­ру жә­не Ра­ма­зан ора­за­сын ұс­тау»[5]. Со­ны­мен қа­тар, күл­лі Ис­лам ға­лым­да­ры бір күн­де бес уа­қыт на­маз­дың па­рыз­ екенін бірауыздан мақұлдайды.

Бес уа­қыт на­маз­ды ор­ны­мен оқып, үл­кен кү­нә жа­са­ма­ған адам­ның кі­ші кү­нә­ла­ры ке­ші­рі­ле­ті­ні жайлы да аят­тар мен ха­дис­тер бар. Құ­ран­да бы­лай дейді: «(Ей, Мұ­хам­мед!) Са­ған уахи етіл­ген кі­тап­ты оқып, на­маз­ды орын­да. Кү­дік­сіз на­маз ар­сыз­дық пен жа­ман­дық­тан тыяды»[6].

Ха­зі­ре­ті Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.ғ.с.) са­ха­ба­лар­ға: «Сен­дер­дің ара­ла­рың­нан бір адам­ның есі­гі­нің ал­дын­да өзен ағып, ол сол өзен­ге кү­ні­не бес рет шо­мыл­са, ол адам­да кір қа­ла­ ма?» – деп сұ­ра­ған­да, са­ха­ба­лар: «Жоқ қал­майды», – деп жауап қайыра­ды. Сон­да Аллаһ Ел­ші­сі (с.ғ.с.): «Су­дың кір­ді та­за­лайты­нын­дай бес уа­қыт на­маз да кү­нә­лар­ды та­за­лайды»[7], – деген.

Ақы­рет­те есеп­ке тар­тыл­ған­да, адам баласынан, ең ал­ды­мен, на­маз сұ­ра­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.ғ.с.) бы­лай дейді: «Адам­дар­дың қия­мет кү­нін­де ал­ғаш есеп­ке тар­ты­латын ама­лы мен іс-әре­ке­ті – на­маз». Ұлы Раб­бы­мыз ха­бар­дар бо­ла тұ­ра пе­ріш­те­ле­рі­не бы­лай дейді: «Құ­лым­ның па­рыз на­ма­зы­на қа­раң­дар. Оны то­лық орын­да­п па, ке­міс­ті­гі бар ма»? Егер оның па­рыз на­маз­да­ры то­лық бол­са, на­маз сауабы то­лық­тай жа­зы­ла­ды. Егер па­рыз на­маз­да­рын­да нұқ­сан­дық бол­са, Аллаһ Та­ға­ла бы­лай дейді: «Құ­лым нә­піл (сүн­нет) на­маз­да­рын то­лық оқы­ған ба екен?». Егер ол сүн­нет на­маз­да­рын то­лық оқы­ған бол­са, Аллаһ Та­ға­ла: «Құ­лым­ның нұқ­сан па­рыз на­маз­да­рын нә­піл­дер­мен тол­ты­рың­дар», – дейді. Одан кейін па­рыз бол­ған бас­қа амал­дар да осы­лайша есеп­ке тар­ты­ла­ды»[8].

Міне намаз осындай маңызды ғибадат. Ал сұрақтағы намаз оқымайтын адамның үкіміне келер болсақ, мұны екіге бөліп қарау керек. Кімде-кім на­маз­дың па­рыз­ды­ғын біле тұра те­ріс­ке шы­ғарса, дін­нен шы­ға­ды. Өйтке­ні, на­маз ай­қын аят, ха­дис жә­не иж­мағ дә­лел­де­рі­мен анық­тал­ған. Ал жал­қау­лық, нем­құ­райлы­лық се­бе­бі­мен на­маз­ды тас­та­ған жан күнәһар бо­ла­ды. Бірақ, кәпір болмайды.

На­маз оқы­мау – дү­ние мен ақы­рет аза­бы­на се­беп. Ақы­рет­те­гі азап ту­ра­лы Құ­ран­да бы­лай айты­ла­ды: «Олар жән­нат­та тұ­рып кү­нәһар­лар­дан: «Са­қар жа­һан­нам­ға тү­су­ле­рі­ңе нен­дей се­беп бол­ды?», – деп сұ­райды. Сон­да олар: «Біз на­маз оқы­май­тын едік», – деп жауап қа­та­ды».[9] Ха­зі­ре­ті Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Әдейі на­маз­ды тас­та­ған адам­ға Аллаһ пен Пай­ғам­бар­дың кө­ме­гі бол­майды»,[10] – дейді. Сондай-ақ, «Кім­де-кім жұ­ма на­ма­зы­на нем­құ­райлы­лық­пен қа­рап, оны үш рет тәрк ет­се, Аллаһ Та­ға­ла оның жү­ре­гі­не мөр ба­са­ды», ­– дейді.[11]

Имам Ағ­зам мәзһа­бы бойын­ша, жал­қау­лық жа­сап, на­маз­ды тас­та­ған адам, на­маз­дың па­рыз­ды­ғын те­ріс­ке шы­ғар­майын­ша, дін­нен шық­пайды. Бі­рақ кү­нә­һар бо­ла­ды.[12]

Жоғарыдағы: «Кісі мен ширктің, күпірліктің арасындағы перде – намаз»[13] – деген хадисті тура мағынасында «намаз оқымаған адам кәпір» деп түсінуге болмайды. Кей ғалымдар хадистегі күпірлікті «намазды жалқаулықпен оқымай жүрген адамды емес, оның парыздығына иман келтірмеген адамды кәпір болады» деп жорамалдаған. Сондай-ақ бұл хадисті былай да түсінуге болады. Намаздың парыздығын біле тұра, жалқауланып тәрк қылған адам күпірлікке қарай алғашқы қадамын басқан болады. Хадисте «Намаз – діннің тірегі» делінген. Намазды жалқауланып тәрк қылуға дағдыланған адам бара-бара басқа да парыздарды тастауға бейім тұрады. Себебі, ең ұлы парызды тастаған адамға діннің басқа да міндеттеріне салғырт қарап, оларды басы бүтін тәрк қылу әлде қайда оңай. Кейіннен бұл ісі оны күпірлікке әкеп соқтыруы мүмкін. Олай дейтініміз әрбір күнәда күпірлікке апарар жол болады. Кісінің жүрегі күнә арқылы қарая бастайды. Жүрегіндегі осы дақ тәуба етпеген сайын ұлғая береді. Ақырында тәубе ету қиынға соғып, кісі күпірлікке құлдилайды. Ғұмыр бойы қаза еткен намазын өтеуге ерінеді, тәубе етуге қажыр-қайраты да жетпейді.

Ондай адамға ғұмыр бойы оқымаған намаздары үшін тәуба етіп, қазасын өтегеннен гөрі намаздың парыздығын, тіпті ақыреттегі азапқа түспес үшін санасынан тозақты тіптен жоққа шығарып, күпірлікті таңдауы оңайырақ болады. Мысалы, бухгалтерлік қызметте отырып ұрлық жасаған немесе есебін дұрыс толтырмаған адам кейде комиссия алдында күнәсі мен кінәсін жабу үшін құжаттар тұрған бөлмені өртеп жіберетіні тәрізді намазына немқұрайлы қараған адам үшін де тәубе етіп, кінәсін мойындағаннан көрі жүрегіндегі әлсіз иманын жағып жіберіп, тозақты жоққа шығару арқылы күпірлікке құлдилаған әлде қайда нәпсісіне жеңіл әрі оңай болуы мүмкін.

Міне, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) намазды тәрк етудің жеткізер жерін көрсету үшін: «Кісі мен ширктің, күпірліктің арасындағы перде – намаз», – деп әдейі осындай ауыр ескертуін жасаған. Әйтпесе, Аллаға иман келтірген, құлшылықтың парыздығына шынайы сенген адамдар да намазды жалқаулықтан т.б. себептермен тәрк етуі мүмкін. Қалай болғанда да бұл хадисті негізге алып, айналамыздағы намаз оқымағандарды жаппай кәпірге шығаруға болмайды. Бұлай санау аса қауіпті. Алла Елшісі: «Кімде-кім бауырына: «Ей, Кәпір!», – десе, ал ол адам шынымен кәпір болмаса, онда айтқан адамның өзі кәпір болады», – деген.

Дінімізде «намаз оқымаған адам бірден кәпір болады, сөзсіз тек тозаққа барады» деп кесіп айтқан үкім жоқ. Әрине намазға салғырт қарап, жалқауланып тәрк ету кісіні тозаққа лайық ететін ауыр күнә. Алайда, ондай адамға жазасын беріп азаптайтын да, күнәсін кешіріп басқаша үкім беру де Алланың құзырындағы дүние. Бұл жайлы Алла елшісі (с.ғ.с.) Ъубадату ибн Самит риуаят еткен хадисте былай дейді: «Алла Тағала құлдарына бес уақыт намазды парыз етті. Кімде-кім намаздың қадір-қасиетін кемсітпестен, оның ешбірін қаза етпей, толық орындайтын болса, Алланың оны жұмаққа кіргізуге уәдесі бар. Ал оны орындамаған адамға Алланың ондай уәдесі жоқ. Қаласа оны азаптайды, қаласа жұмағына кіргізеді.»[14]

[1] Бақара, 2/238.
[2] Ниса, 4/103.
[3] Бәййәна, 98/5.
[4] Хаж, 22/78.
[5] Бухари, Иман, 1,2; Муслим, Иман, 19-22.
[6] Анкабут, 29/45.
[7] Бухари, Мәуақит, 6; Муслим, Мәсажид, 283; Тирмизи, Әбад, 80, 90; Насаи, Салат, 7.
[8] Тирмизи, Салат; 118.
[9] Мүддәссир, 74/40-43.
[10] Бухари, Мауақит, 15, 34; Насаи, Салат, 15.
[11] Насаи, Жума, 2; Тирмизи, Жума, 7; Ибн Мажа, Иқама, 93.
[12] Ибн Абидин, I. 32.
[13] Сахих Муслим, 1-том, 88-бет. «Дәру Ихиа'ит-турасил-араби» баспасы, Бәйрут.
[14] Сунанул-Бәйһақил-кубра, 2-том, 8-бет. «Дарул-Баз» баспасы, Мекке қаласы, 1994 ж.
Тегтер: намаз
Пікірлер Кіру