АДАМ ДЕГЕН...

20 қараша 2023 1516 0
Оқу режимі

Адам кейде істеген істерін емес істемеген істерін атқарса адам болар еді. Сол себепті өмір жайлы білетін сабақтар көбінесе, істейтін істерімізді емес істемеуге тиісті тиымдарды көбірек қамтиды.

Мысалы, көп сөйлеудің орнына тыңдай білуді үйренуіміз керек.

Шұбырып кете баратын, қирататын, жүрек жаралайтын, көбінесе бос сөздер аузымыздан шықпай тұрып жұтылып кетуі керек еді.

 Қызыққа толы, бірақ өтірік пен өсекті қамтитын сөздер тіліміздің ұшында үйірілмеуі керек.

Сұраққа тартпас бұрын, шектеу қоймас бұрын, айтар сөзіңмен емес алдыңдағы адамның не айтқысы келгенін біліп барып бастау керек әңгіме.

Екі адамның ортасын бөлетін, қан жылататын, өмірден түңілетін санадан арылуымыз керек.

Түймедейді түйедей етпес бұрын, ішкі жан дүниемізбен сырласып алуымыз керек.  

Арамыздағы кикілжіңді доғарып, бір-біріміздің жүрегін жаралауды тоқтату керек.

Адамдар арасындағы алауыздықты тоқтату үшін ең әуелі өзіміз екібеткейлікті қойып, ожданымыздың мұңына құлақ түріп, ішкі жан дүниеміздің айқайын бір сәт тыңдауымыз керек. үмәия Өзген, «Адам деген...»)

 

Пікірлер Кіру