АЛТАУЫ АКАДЕМИК БОЛДЫ...
Кемел Ақышев деген алтын адамды тапқан ғалым бар. Осы кісі айтады: “Отыз екінші жылы аштықтан өлейін” - деп жатырмын дейді.
⠀Пештің түбіне жығылып қалған екем, жартылай өртеніп кетіппін. Біреу кеп басымды көтерді. Қарасам, нағашым Қаныш Сәтбаев екен. Сол кезде Қаныш Сәтбаев Жезқазған қаласында тұрады, Баянауылдағы ауылына «Пикап» деген машинамен келген екен - дейді.
Ауыл қырылып қалған. Содан сегіз баланы жұрттан тауып алған, соның біреуі менмін. Сол сегізімізді машинаның үстіне жатқызып шала жансар біздерді Жезқазғанға алып келді - дейді. Ол кезде о кісінің үйінде орыс кісі еді. Қап-қара кірміз, әуелгіде бізден жиіркенді. Айғайлап отырып бәрімізді әлгі кісіге жуындырды. Бәрімізді оқуға түсірді. Сол жеті баланың алтауы академик болдық - дейді Кемел Ақышев ағамыз.
⠀