«АЛТЫ АРҚАНҒА БІР СЕРКЕШ»

31 шілде 2024 836 0
Оқу режимі

Алты арқанға бір серкеш Біздің бала кезімізде Шағантоғай сахарасында Шәуешектен «алты арқанға бір серкеш» айырбастайтын қазақ саудагері келіп жүрді. Ол кісі сауданы көбірек көктем кезінде жасайтын. Бұл адам кейін келе ауқаттанып байып кетті, сол жерден әйел алып, тұрақтап қалды. Бірақ оның атын жұрт «алты аркан» атап кетті. Нақты аты ел есінен шығып, сол катарда мен де білмеймін, бірақ «алты аркан» десе, білмейтін қазақ жоқ еді.

Мал айырбасы

 Қазақ билер кеңесінің шешімі бойынша 1885 жылғы Карамола заңында бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», әз Тәукенің «Жеті жарғысы» негізінде мынадай шешім белгіленген:

Маңдайалды түйе - 3 ат немесе 30 қой;

 Орташа түйе - 3 бесті;

Дөнен атан 2 бесті, бір тай;

Құнан атан- 2 бесті;

Тайлақ - құлынды бие, 12 қозы;

Бота - бір бесті;

Бәйге ат - орташа бір түйеден бес түйеге дейін;

Жорға ат - құлынды биеден төрт түйеге дейін;

Жақсы ат - құлынды биеден бір түйеге дейін;

Айғыр - құлынды биеден сегіз бестіге дейін;

Бие: құлындысы 10 кой, құлынсызы - 10 токты;

Ат - тоғыз кой:

 Бесті - 7-8 қойға дейін;

Денен - 5-6 қойға дейін; 

Кунан - 4-5 қойға дейін; 

Тай - 3-4 қойға дейін;

Кұлын - 2 қойға дейін;

Атан өгіз - 12 қойға дейін;

Бесті яки дөнен өгіз - 4-8 қойға дейін;

Тайынша - 2 қой.

Қазақ арасында болып жататын мал айырбас саудасы, міне, осылайша, қой өлшемі бойынша жүргізіліп келген. Қалған қалыңмал, айып салу, құнға жығылу (кісі өлімі болғанда) немесе дос болу, түсел түсу, т.б. алыс-беріс кезінде осы өлшем бойынша жұмыс жүргізілген.

Мысалы, қалынмал алу кезінде белгіленетін «бас жақсы» - 90 байтал, "орта жақсы» 60 байтал, "аяқ жақсы» - 40 байтал.

Міне, осы баға бойынша жүргізіледі. Кұн төлейтін кездегі айыптың бас тоғыз (түйе бастатқан), орта тоғыз (ат бастатқан), аяқ тоғыз (дөнен өгіз бастатқан), сондай-ақ ең ауыры - тоқал тоғызға дейін, міне, осы мал өлшемі бойынша атқарылып келген.

Адам құны 

Қазақ арасында жанжал туып, оның зардабынан адам өлімі келіп шықса, оған айыпкер жақ құн төлеу тәртібі жүргізіліп келген. Құн даугер мен айыпкердің кеңесі бойынша халык билері жағынан кесім жасалады. Кесім бойынша құнға мал төленеді.

Қазақта «ердің кұны екі елу» деген тұракты сөз тіркесі бар, мұның өзі «ердін кұны жүз жылкы» деген сөз. Ал төре мен қожаның құны - үш ердің құнымен барабар деп белгіленген қазақ заңында. Бұған кісі өлтірген жақ төлеуге тиісті айып-анжыны қосқанда құн төлеу көп жағдайда сол кісі өлтірген жакты біржола ойсыратып, қара жерге отырғызып кететін жағдайлар тудыратын.

«Құн төлегендей құлдырады» деген сөз содан қалған.Сонымен бірге адамның дене мүшелері зақымданса, онын да өзіндік құны-бағасы болған.

Мысалы, ер-азаматтың көзін шығарып жіберсе, ол адамның жарым басы есептеліп, бір азаматтың жарты құнын төлетіп алынған. Әйелдің құны да ердің жарты құнымен барабар.

Адамның басқа мүшелерінің де өзіндік кұны болған. Бұл туралы «Қазақ заңдары» тарауында сөйленетіндіктен бұл жерде көп тоқталмадық.

Енбек кұны

Бұрынғы заманда құл құнсыз деп есептелген. Сондықтан оның еңбегі де иесі үшін құнсыз енбек болып есептелген. Кейін келе жалшылар тек киімі мен тамағы үшін жалданатын дәрежеге келді.

Таяу замандағы біз шетін - жалшының бір айы - бір көрген жалдамалы енбектің кұны серкеш және жаздық киімі мен қыстық киімі байға парыз болды.

Одан кейін тағы да бір адым ілгерілеп жалданған жігіттің бір айы бір жуан қойға бағаланып жүрді. Жалпы, қазақ арасында енбек құны кой немесе серкешпен өлшенудін сыртында егін көтерткен, үй салуды көтерткен сияқты көтерме еңбектердің де өзіндік өлшемі болды. Осылай деп жазған зерттеуші сөзіне дәлел ретінде өз көзімен көрген жайтты сөз еткен.

"Өз көзімізбен көрген Басбай Шолақұлы жалшыларының айлық еңбегіне «қой-серкеш», яғни бір қой, бір серкеш беретін. Оған қоса жалшының жаздық, қыстық киімі мен тамағы Басекеңе есеп болатын. Сол себепті жалшылар Басекеңнің малын бағуға көп ұмтылатын. Өйткені Басекең жалшыларын «біздің қосшылар» деп атап, өзімен тең санайтын. Еңбегі сіңгендеріне әке орнында құдаласып, әйел алып беретін", - деп көрсетілген зерттеуші Зейнолла Сәніктің еңбектерінде.

 Деректер Зейнолла Сәніктің Қазақ этнографиясы еңбегінен алынды. 

Автор: Бүркіт Нұрасыл

Пікірлер Кіру