КЕДЕЙ БОЛСАҢ ДА ҮЙЛЕН

20 қыркүйек 2021 6736 0
Оқу режимі

«Бас екеу болмай, мал екеу болмайды» деп жатамыз. Өйткені шаңырақ құрғаннан кейін адамның еңбекке деген құлшынысы да артады. Дүниесін үнемдеуді, есептеп, орын-орнымен жұмсауды үйренеді. Ал үнемшіл үйге береке жауады.

Құранда былай делінген: «Егер олар кедей болса, Алла оларды шексіз шарапатымен байытады»[1].

Шаңырақ құру жастарды байсалдылыққа, сабырлы, төзімді болуға тәрбиелейді. Ұшқалақтық пен жеңілтектіктен арылтып, ақылды толыстырады. Үйлену арқылы адам баласы өзін түрлі күнәлардан қорғайды.

Бұл турасында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Уа, жастар, араларыңдағы үйленуге шамасы жететіндер үйленсін. Себебі, көз зинасынан да, іс-әрекетпен жасалатын зинадан да ең күшті сақтану жолы – үйлену. Бұған шамасы жетпегендер ораза ұстасын. Себебі, ораза ол үшін қорған»,[2] – деп кеңес берген.

 


[1] «Нұр» сүресі, 32-аят
[2] Бұхари, Никаһ, 1

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру