КӨЗҚАМАН

12 қазан 2026 101 0
Оқу режимі

Алаштың абызы, марқұм Рахманқұл Бердібай: «Қазаққа мәңгүрттерден қарағанда, көзақамандардың тигізетін қауіп-қатері зор» деп, күйініп отырушы еді.

«Мәңгүрт» деп - ақыл-есі ауысқан делқұлыны айтсақ, #көзқаман» деп – өте дарынды, әрбір істің қыбын білетін айлакер, заманына сай асқан қабілетті бола-тұра, қара басының қамы үшін сырт күштермен ауыз жаласып, өзінің талантын ұлт мүддесіне қарсы пайдаланатын кісәпірді айтамыз.

Арғы-бергі тарихымызда Алаш баласы шынында да, ақыл-есі ауысқан есалаң мәңгүрттерден қарағанда, опасыз көзқамандардан көбірек зардап шекті. Тіпті, қазақтың басына құлдық қамыт осы көзқамандардың «ерен ерліктерінің» арқасында кигізілді.

Оған жүздеп, мыңдап мысалдатуға болады.

Жә, тарихты қоя тұрайық...

Қазақ қоғамында бүгінгі күні де сыртқы күштерге қызмет ететін дарынды көзқамандар жетерлік.

Әсіресе, дін саласында сыртқы діни идеологияның жемтігіне айналған, асқан жымысқы әрекеттерімен ұлт мүддесін аяққа таптайтын, айналасындағы жұртты әдемі сөздерімен азғырып-арбайтын – кещелер мен көзқамандардан аяқ сүрінеді. Олардың кейбірінің кісәпірлігін бетіне бассаң, дінді қалқан қылып, шыж-быж ете қалады...

Бірақ, өзінің кім екенін сездіріп қоятын мұндай кәндендері емес, дымын ішіне бүгіп, қолайлы сәтін күтіп жүрген қу түлкілері аса қауіпті. Кәндені кім, қу түлкі қайсысы?

Бір өкініштісі - көзі ашық жәмиғат болмаса, былайғы жұрт оны байқай бермейді...

PS "Көзқамандар" білім саласында да жеткілікті...

Ішінде де, айналасындағы құрылымдарда да..

 

Мұхан Исахан

 

Пікірлер Кіру