НӘПСІ

22 сәуір 2024 1000 0
Оқу режимі

Бірде бұ жалғаннан баз кешкен бір данадан сұрапты:

- жаһаннан жырақтап, жалғыз өмір сүру жалықтырмады ма, сізді?

- ...жоға, шаруам шаш етектен: қос қыран мен сұңқарларымды қомдаймын, қос қоянымды тыныштандырам, жыланымды жаттықтырам, есегіме ес кіргізіп, арыстанымның аптығын басудан босамаймын,- депті.

- тәптіштеп айтқан тіршілік иелерінің бірін де көріп тұрғам жоқ, жаныңыздан. Қайда олар?

- олардың бәрі біздің ішкі болмысымызда,- дейді данагөй.

Қос қыраным жақсы мен жаманды қатар көреді, сол екеуін шатастырмай, дұрысын дәп тануға үйретем. Қыран дегенім- қос жанарым-көздерім.

Екі сұңқарым тұяғымен тиген жерін жаралайды, оларды маңайын майып қылмай, өзгелерге көмектесуге көндірем.

Екі сұңқарым- екі қолым.

Қос қояным секектеп, бір тынбайды. Тығылады, қорқады, соларды тыныштандырып, қиындықтан қорықпауға, қашпауға баулимын. Олар - екі аяғым.

Ең қиыны- жыланым. Торға тығып қойсам да, жалт етсем, уын шашып, өзгені шағып алуға дап-дайын тұрады. Сондықтан оны бес уақыт бақылауда ұстаймын. Ол-тілім.

Есектің мәңгі мойны жұмысқа жар бермейтін жалқау, шаршау, қырсық екенін білесің. Ол-тәнім.

Соңғысы, арыстанымды тұқыртпасам, әлемге әмірін жүргізіп, патшалық құрып, баршаны басқарғысы келеді. Ол -НӘПСІМ...

Көріп тұрғаныңдай, "менің жалғыз қап, жалығатын сынық сәтім жоқ, жарқыным" деген екен...

Аңыздан аударған

Әдемау ТОЛЫСБАЕВА

 

Пікірлер Кіру