РАМАЗАНҒА АРНАЛҒАН ЖҮРЕККЕ ЖАҚЫН ЖОСПАР

20 ақпан 2026 106 0
Оқу режимі

Осы жолды ұстан — ай соңында кешірімге үміт ет

30 күндік ниет… Биылғы Рамазан өзгеше болсын ба?

Рамазан – жай ғана аш жүру емес.

Бұл – жүректі тазарту, рухты жаңарту, иманды күшейту айы

Осы айдан өзіңнің жаңарған күйіңмен шығуға не жетсін… Сабырлырақ… Тереңірек… Аллаға жақынырақ.

Елестетші, небәрі 30 күннен кейін…

Жүрегің тынышталып, көңілің нұрланып шықсаң…

Міне, әркімнің шамасына сай 10 игі амал

1️⃣Намаз – мұсылманның тірегі

Азаматтарға: бес уақыт намазды мешітте оқуға тырыс.

Қыз-келіншектерге: намазды уақытында, кешіктірмей орында.

Күніңді азанмен бастап, зікірмен аяқта. Намаз түзелсе – көп нәрсе түзеледі.

2️⃣Сүннет намаздары 🤍

Күніне 12 рәкағат – Жәннатта саған үй.

• Таң намазының алдында – 2

• Бесіннің алдында – 4, кейін – 2

• Ақшамнан кейін – 2

• Құптаннан кейін – 2

Тұрақтылық – үлкен сауаптың кілті.

3️⃣Дұха намазы

Күн шыққаннан кейін шамамен 15 минут өткен соң, бесінге дейін.

Кемі 2 рәкағат, қаласаң 8-ге дейін.

Күннің басында оқылған осы намаз – берекенің бастауы.

4️⃣Таңғы-кешкі зікір

Бұл – жүректің қорғаны.

Уайым мен күйзелістің шипасы.

Ұмытсаң – қайта жалға. Бастысы – үзбеу.

5️⃣Тарауих – Рамазанның шырағы

Мешітте жамағатпен.

Үйде ықыласпен.

Маңыздысы – сан емес, ықылас.

6️⃣Күн сайын садақа

Күніне кемі 100 теңге.

Айына 3000 теңге.

Аз көрінгенімен, Алла алдында үлкен амал.

Бергенің кемімейді – берекеге айналады.

7️⃣Апта сайын қажылық пен ұмраның сауабы

Таң намазынан кейін орныңнан тұрмай, күн шыққанша:

зікір айт, Құран оқы, дұға жаса.

Аптасына бір рет орындасаң – айына төрт рет.

Сапарсыз-ақ мол сауап.

8️⃣Құран – Рамазанның жүрегі

Өзіңе қолайлы межені таңда:

Жігері жоғары: күніне 3 пара (60 бет)

Орташа: күніне 1 пара (20 бет)

Бастаушы: күніне жарты пара (10 бет)

Маңыздысы – күн сайын Құранмен байланыс үзілмесін.

9️⃣Дұға қабыл болатын мезеттер

Үш берекелі уақыт:

Ауыз ашардан 15 минут бұрын

Таң намазына дейінгі соңғы сәттер

Жұма күні екінті намазынан кейінгі соңғы сағат

Осы мезеттерде шын ықыласпен, жүректен дұға ет.

Айтқан тілегіңді Алла естіп тұрғанына күмәнсіз сен.

🔟Түннің тыныштығындағы екі рәкағат

Тарауихтан кейін болса да.

Бар болғаны екі рәкағат.

Түн – қабыл болатын уақыт.

Сол сәтте жасалған дұға – жүрекке ерекше әсер етеді.


Abdulakhad SMANOV

Пікірлер Кіру