Умму Сүләймнің (р.а.) теңдессіз мәһрі

11 тамыз 2020 4727 0
Оқу режимі

Әнәс ибн Мәлік (р.а.) өгей әкесі Әбу Талха (р.а.) мен анасы Умму Сүләймнің (р.а.) некелесуін былай деп әңгімелейді. 

«Әбу Талха Умму Сүләймге құда түсті. Умму Сүләйм: «Уа, Әбу Талха! Сен сияқты адам кері қайтарылмайды. Алайда, сен кәпір адамсың. Ал, мен мұсылман әйелмін. (Сондықтан) саған күйеуге шыға алмаймын. Егер мұсылманшылықты қабыл етсең, сенен алатын мәһрім[1] сол болсын. Сенен басқа нәрсе сұрамаймын», – дейді.

Әбу Талха (р.а.) ұсынысты қабыл алып, мұсылман болды. Умму Сүләймнің мәһірі осы болды[2].


[1] Мәһр – некелесу барысында немесе кейін өтеу шартымен келісілген қалыңдыққа берілетін дүние-мүлік немесе ақша.
[2] Усдул-Ғаба, 2-том, 361-бет

(р.а.) мен анасы Умму Сүләймнің (р.а.) некелесуін былай деп әңгімелейді. 

Пікірлер Кіру