АЛЛАДАН ҚОРЫҚҚАН БАСҚА НӘРСЕДЕН ҚОРЫҚПАЙДЫ

24 сәуір 2024 256 0
Оқу режимі

Егер құл Раббысының алдына шығатын күннен қорқып, оған бар күш-жігерімен бойұсынуға тырысып, Раббысына және оның нәпсі қалауларына мойынсұнбаудан аулақ болса, Алла Тағала адамдардың жүрегіне бұл кісінің мысын орналастырады.

Тақуа ғалымның ұлылығы сондай, оның қасында ешкім пайдасыз істермен айналыса алмайды. Құл Алла Тағалаға мойынсұнып, ізгі амалдар жасап, үндемеуге дағдылану арқылы өз жанын тәртіпке келтіруі керек, сонда оның бойында абырой мен мысы басым болады.

Мәртебелілікті тәкаппарлық, мақтаншақтық, зұлымдық, дұшпандық сияқты нәрселерден іздеуге болмайды. Мысты болудың бастауы – Алладан қорқу. Хадисте шәріпте:

 «Кім Алладан қорықса, бәрі одан қорқады» - деген. Бірде Абдулла бин Омар (р.а.) жолға шығады. Ол ілгерілеп келе жатқанда, өзі келе жатқан керуен  тоқтайды. Себебін сұраса, олар жолда арыстан барын айтып, содан қорқып тоқтағандарын айтады. Ибн Омар аттан түсіп, арыстанның жанына барып, оны құлағынан тартып, жолдан әрі асырып жіберді. Сосын арыстанды нұсқап былай дейді:

«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сен туралы рас айтты. Сен Адам баласына Алладан басқа нәрседен қорыққаны үшін ғана қорқыныштысың. Адам баласы Алладан ғана  қорыққанында мұндай болмас еді. Егер (адам) барлық нәрсені Раббысынан ғана үміт етсе, басқа ешкімге мұқтаж болмас еді». Осы жерден түсінуге болатындай, Алладан қорқу адамдарға күш пен жігер береді.

 Жүректе Алладан басқаға деген қауіпсіздік сезімін орнатады. Махлұқаттың адамдарды қорқытуының себебі – олардың Алладан басқасынан қорқуынан болады.

Хадис шәріпте «Хасбияллаһу уә ни'мәл-уәкил (әрбір қорқатын адамның қауіпсіздігіне себеп)» - деп бұйырады. Тақуа ғалым халық арасында сыйлы. Өйткені ол Алладан ең көп қорқатын, Раббысын ең құрметтеп, тағзым ететін адам. Оның халық тарапынан көрген  құрмет пен сыйы да осы жасаған ісіне орай алған қарымтасы.

Пікірлер Кіру