АЛЛАНЫ ЕСКЕ АЛУДЫҢ ЖЕМІСІ МЕН ДАНАЛЫҒЫ

02 сәуір 2024 335 0
Оқу режимі

Алла Тағала Құранда құлдарына:

«Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкірлік етіңдер де, күпірлік етпеңдер» («Бақара» сүресі, 152-аят);

«...Алланы көп еске алушы ерлер мен әйелдер үшін Алла жарылқау және ұлы сый (Жәннатты) әзірледі» («Ахзаб» сүресі, 35-аят);

«Раббыңа құпия жалбарынып, қорыққан түрде (қатты дауыстамай) ертелі-кеш іштей (дауыстау мен іштей айту арасындағы үнмен) Оны есіңе алӘрі қаперсіздерден болма» («Ағраф» сүресі, 205-аят) деп насихат айтады.

Сондай-ақ, «Жумуъа» сүресінің 10-шы аятында «..мұраттарыңа жету үшін Алланы көп еске алыңдар» немесе «Ниса» сүресінің 103-аятында:

«... Қашан намазды орындап болсаңдар, Алланы тұрған, отырған және жамбасымен жатқан халде еске алыңдар...», - делінген.

Әбу Һурайрадан жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

«Өзгелерді жалғыз қалғандар басып озды»,- деген екен. Одан: «Жалғыз қалғандар кімдер?»,-деп сұралғанда:

 «Алланы көп еске алушы ерлер мен әйелдер», - деп жауап берген (Муслим).

 «Адамдар Алланы еске алып отырғанда, оларды міндетті түрде періштелер қоршап алады және оларды мейірім қоршайды, оларға тыныштық түседі және Алла Тағала да оларды Өзінің алдындағылардың арасында еске алады» (Муслим).

«Раббысын (зікір етіп) еске алатын адам мен Оны (зікір етіп) еске алмайтын адамның айырмашылығы тірі мен өлінің айырмашылығындай» (Бұхари).

Сен Алланы еске алсаң, Ол сені еске алады!

Зікірдің құндылығын жеткізу үшін осы сөздің өзі әбден жеткілікті! Әлемдердің Раббысының есінде болудан артық қандай дәреже бар?!

 

 

Пікірлер Кіру