АР МЕН НАМЫС

16 қараша 2023 1670 0
Оқу режимі

Ар-намыс-адам баласына туа біткен және оны өзге жаратылыс иелерінен бөлектеп тұратын ең маңызды ерекшеліктерінің бірі.

Ап-ұятқа берік және пәк ғұмыр кешу ең маңызды жауапкершіліктердің бірі.

Мүмін адам ар-ожданға берік болуды, харамнан көзін аулақ ұстаумен бастайды. Сірә Жаратушы Иеміз жан дүниемізді пәк ұстау үшін көзімізді әдеп пердесімен перделеуді қалайды.(Нұр,23/30-31) Пайғамбарымыз (с.ғ.с) да ұят сезімінің көзге көрінбесе де адамды қорғайтын қорған екендігін тілге тиек еткен және «Адам ар-ұяттан адасса барып қалаған ісін жасай берсін»(Ибн Ханбал ) деп ескерту айтқан.

Мүмін әдепті болу үшін, көз, құлақ, тіл және жан-дүниесінхарам атаулыдан ұзақ ұстауы тиіс.

Алладан қорыққандықтан күнә мен әдепсіздіктен өз-өзін сақтаған жандардың, адамдардың көлеңкеге зәру болған шағында Алланың аршысының көлеңкесінде көлеңкелейтіндігі сүйіншісі берілген. (Бұхари)

«Кім кетпес ажал жетіп тағдыр болса,

Өмірге ар мен намыс қолқа салса.

Мәңгілік өмір жасап өлмегені

Батырдың ел аузында аты қалса.» (Бауыржан Момышұлы)

 

Пікірлер Кіру