БАЙЛЫҚТЫ ҚАЛАСАҢ...

16 сәуір 2024 291 0
Оқу режимі

Алла Тағала айтады:

"Іштеріңдегі бойдақтарды, сондай-ақ қолдарыңдағы құл, күңдердің дұрыстарын үйлендіріңдер. Егер олар кедей болса да, Алла өз кеңшілігімен оларды байытады. Алла, аса кеңшілік Иесі, толық Білуші. («Нұр» сүресі, 32)

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а) айтады:

"Үйлену арқылы байлықты талап етпеген адамға таң қаламын! Өйткені Алла Тағала: Егер олар кедей болса да, Алла өз кеңшілігімен оларды байытады" - деп айтты емес пе?!   (Абдур-Раззақ, 10393 | Тәфсир әл-Қуртуби 12/241)

 Абдулла ибн Масғуд (р.а) айтады:

" Үйленгеннен кейін, некеден байлықты күтіңдер! Өйткені Алла Тағала: Егер олар кедей болса да, Алла өз кеңшілігімен оларды байытады" - деген. (Тәфсир әт-Табари 12/275)

Имам Абул-Фараж ибн әл-Жәузи айтады:

" Бұл аятта Алла Тағала кедейліктен арылудың жолы - үйлену екендігін баяндады"  (Задул-масир 6/36)

 Имам Қуртуби бұл аят жайында айтады:

"Кедейліктің себебінен әйелге не ер адамға үйленуден бас тартуына болмайды. Егер, олар кедей болатын болса, Алла Тағала оларды Өз кеңшілігімен байытады. Бұл уәде, Алла Тағаланың разылығын қалап және оның тыйым салған істерінен аулақ болу үшін үйленгендерге берілген".

Және де ол айтады:

 "Егер біреу айтса, "біз үйленгендердің арасында байып кеткендерді көрмедік" деп, онда біз айтамыз: "Бұл уәде әрдайым орындалады дегенді білдірмейді! Егер ол бір рет болса да келсе, уәденің орындалғаны. Сонымен қатар, "байытады" деген сөздің мағынасы, сенімді хадисте келгендей, рухани жан байлығы дегенді де білдіреді:

"Шынайы байлық - мал-дүниенің көптігі емес, шынайы байлық - рухани жан дүниенің кеңдігінде" (Бухари 6446; Муслим 1051)  Тафсир әл-Қуртуби 12/241 

Абдулла ибн Масғуд (р.а) айтады:

"Егер менің тағдырымда он күннен кейін өлетіндігім жазылса және мен оны білсем, егер мүмкіндігім болса еліктіруден қорыққаным себепті үйленген болар едім"

 

 

Пікірлер Кіру