Дәретханада дұрыс отырмасаңыз, ауру табасыз (ФОТО)

02 қазан 2020 8036 0
Оқу режимі

Ауылды жерлердің, жер үйлердегі дәретханаларды қаланікімен салыстыруға келмейді. Айырмашылық бар. Айырмашылығы сол қаладағы көпқабатты үйлердің дәретханаларда унитаз болады. Кәдімгі унитаз. Сол унитазда көп адам дұрыс отырмайтындығын айтып, әлем дәрігерлері дабыл қағуда. Мәселен, көпшілігі унитазда отырғанда денесін 90 градуста ұстайды (1-сурет). Ал, дәрігерлер бұлай отырудың дұрыс емес екендігін, онымен қоймай денсаулыққа зиян екендігін алға тартуда. "Ұлы сөздің ұяты жоқ" демекші, біз сіздерге әжетханада қалай дұрыс отыру керектігі жайында аз-кем кеңес айтпақпыз. 

1-сурет

Сонда қалай отыру керек? деген заңды сұрақ туады. Дұрыс отырудың үлгісі 2-суретте көрсетілген.

 2-сурет

Әжетханада бұлай отырудың дұрыс екендігін қазір әлем дәрігерлері мойындап отыр. Мойындағанымен қоймай, осылай отыруға үндеп дабыл қағуда. Тіпті, суреттерімен көрсетіп, әлеуметтік желілерде кеңінен таралуына үлес қосуда. 

Егер де дәретханада отырғанда арқаңыз 90 немесе 75 градусқа қана иілсе жел немесе қорытылған артық заттарды шығаратын ішек жолдары қысылып қалады (3-сурет). Бұл өз кезегінде іштің кебуіне, ішек жолдарының бұзылуына және геморрой секілді ауруларға апарып соқтыруы мүмкін. 

 3-сурет

35 градус қалыпта отырсаңыз бәрі де басқаша болмақ. Жеңіл түрде өтеді. 

"Бірақ, қазіргі унитаздар мұндай отырысқа ыңғайлы етіп жасалмаған ғой" деуіңіз мүмкін. Егер де аяғыңыздың астына кішкентай орындық қойсаңыз, дұрыс отырған боласыз. Денсаулықтың да бұзылуының алдын аласыз. Қоғамдық орындардаға дәретханаларда да осыған жағдай жасалу керек.

Дұрысы осылар

Негізінде әжетханада отырудың тәртібін исі мұсылман баласы жақсы біледі. Себебі, әжетханада жүрелеп отырғанда оң тізесін көтеріңкіреп, сол аяғын басыңқырап отыру - сүннет. Бәйһақидің хадис жинағында келген бір хадисте Сурақа ибн Жағшам былай дейді: «Бізге әжетханаға кіргенде салмағымызды сол аяғымызға салып, оң аяғымыздың тізесін тік ұстауымызды үйретті». 

Көрдіңіз бе, медицина енді ғана дәлелдеп көзі жетіп отырған дәретханада дұрыс отырудың тәртібін ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) 14 ғасыр бұрын айтып кеткен. Бұл пайдалы мәліметпен бөлісіңіздер. Жақындарыңыз да біліп жүрсін. Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Нұрқанат Байзақ

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру