ЕҢ ҮЛКЕН ҚАУІП — АЖЫРАСУ ДЕРТІНЕ ЕТІМІЗДІҢ ҮЙРЕНІП ЖАТҚАНЫ!

01 қыркүйек 2025 1297 0
Оқу режимі

Бұрын ажырасу — ұят еді.

Қазір — әдет болды.

Кейде тіпті мақтаныш.

“Енді еркінмін!”, “Күштімін!”, “Жаңа өмір бастадым!”, “Құтылдым!”, “Өкінбеймін!” — деп жар салып жүргендер бар…

Бұл жағынан еркекті де,әйелді де жақтауға немесе ақтауға болмайды! Екеуі бірдей жауапты! Өйткені отбасын сақтап қалуға бірі көнсе, бірі көнбей қырсығып, қасарысып отырып алады!

Еркек отбасын сақтау үшін мінезін өзгертпейді! Әйел оған сенім артпайды! Нәтиже - қираған шаңырақ!

Ажырасудан кейін не қалады?

– Екіге бөлінген тағдыр.

– Көңілі жарым, тірі жетім бала.

– Кешірілмей қалған реніш.

– Жүрекке түскен жара.

– Некеге деген сенімсіздік…

Неге бұл дертке етіміз үйреніп жатыр?

– Өйткені көп адам ажырасады.

– Өйткені оны сақтап қалуға көп адамның сауаты мен білімі жетпейді.

– Өйткені бақытты неке үлгісі азайып барады.

– Өйткені ажырасуды қалыпты деп көрсететін фильмдер мен контент көп.

Өкінішке қарай:

Бір отбасының құлауы — бір ұрпақтың болашағына балта шабу.

Бір еркектің отбасын тастауы — бір әйел жанының жаралануы.

Бір әйелдің суынуы — бір баланың өзіне сенімсіздікпен өсуі.

Ажырасудың өзі қауіпті,

ал оған ет үйреніп жатқаны — одан үлкен қауіп.

  • Бұл — тек екі адамның хикаясы емес.
  • Бұл — бір ұлттың аман қалу немесе құлдырау мәселесі болып тұр!

СІЗДІҢ ОЙЫҢЫЗША:

Қоғам ажырасуға үйреніп кетпеу үшін не істеу керек?

Сіздің ойыңыз — бәлкім бір отбасын құтқарар…Пікірге жазыңыз!

Асылбек ӘУЕЗХАНҰЛЫ

 

Пікірлер Кіру