МАХАББАТТАН АСҚАН ДІН ЖОҚ...

25 тамыз 2025 1545 0
Оқу режимі

Бірде рухани ұстаз шәкірттерімен бірге бір ауылға келеді. Ұстаз да, одан үлгі алған шәкірттері де ораза болатын.

Олар бір қарапайым шаруаның үйіне келіп түседі, үй иесі шын ықыласымен, бар жүрегімен оларға ас қамдауға кіріседі. Тамақ дастарханға тартылған кезде, рухани ұстаз үндеместен барып дастарханға отырды, бірақ шәкірттері ауыз бекітіп дұға жасап қойғанбыз деп дастарханға жақындамады. Бірақ олар, руханиятпен айналысатын адамдар секілді ол жайлы ешкімге ештеңе демеді.

Ал таңертең шәкірттерімен бірге ауыз бекіткен рухани ұстаз жөнінде олар: “Ол ауыз бекіткенін ұмытып кеткен болар”,-деп ойлады. Ұстаздар кейде мүлде ұмытшақ болады! Тамақ ішіп болған соң барлығы тысқа шықты.

“Сіз ауыз бекіткеніңізді ұмытып кеттіңіз-ау деймін?”-деді шәкірттері ұстазына.

“Жоқ, ұмытқан жоқпын, бірақ біз үшін қазан көтерген ана кісінің көңілін қалдырмау үшін аузымды ашып жібердім,”-деді ұстазы.

Күнделікті сүріп жатқан өмірімізде біз сол өмірдің мың түрлі ұсақ-түйектеріне мән бере берсек қой, кейде сондай нәрселерге мән бермегендіктен, адамдарға қаншама жақсылық жасаудан ада қаламыз!

Өмірдің әрбір сәтінде айналамыздағы адамдардың қажеттіліктеріне жақсылықта да, қиын сәттерде де, кез-келген жағдайда сезімтал болсақ қой. Негізі бұл қиын емес, аздап ойлансақ болды. Негізі адам жақсы болуы мүмкін, бірақ кейде көп нәрсені ұсақ-түйек деп елемей жатады.

Махаббаттан асқан дін жоқ.

Құдай деген махаббат.

Махаббаттың ең жақсы түрі - күнделікті араласып жүрген адамдардың сезімдері жайлы қам жеуде.

 

Хәзіреті Инаят Хан

аударған Жүрсін Кәрім

 

Пікірлер Кіру