Пайғамбарымызға ﷺ қатысты қызықты жайттар

14 қыркүйек 2019 6317 0
Оқу режимі

Мұхаммед жұлдызы

Голливудтағы «Даңқ Аллеясында» АҚШ-тың әлемге мәшһүр атақты тұлғаларының есімдері жазылған жұлдыз белгілері жерге, яғни тротуарға орналастырылғаны белгілі. Тек бір адамның жұлдызы ғана жерге емес, Аллея қабырғасына ілінген. Ол кімдікі дейсіз ғой?

Бұл – әйгілі боксшы Мұхаммед Әлидің жұлдызы. Белгінің тротуарға емес, қабырғаға орналастырылуын боксшының өзі сұраған екен. Өйткені6 ол Пайғамбарымыздың (c.ғ.с.) есімі табан астында тапталмасын деп, жоғарыға қоюды қалаған.

Бос орын кімдікі?

Мәдина қаласындағы Пайғамбар (c.ғ.с.) мешітінің ішінде бөлек Жасыл үй орналасқан. Онда Пайғамбарымыз Мұхаммед (c.ғ.с.) және оның жанында алғашқы екі халиф Әбу Бәкір мен Омар жерленген. Пайғамбарымыздың (c.ғ.с.) екінші жанында бос қабір орны тұр.

Көптеген мұсылмандар мен Құран тәпсіршілері бұл орынның Исаға (ғ.с.) арналғандығын айтады. Хадистерден білетініміздей, ол Дәжжалды өлтіру үшін екінші мәрте Жерге келіп, кейін 40 жыл патшалық құратыны белгілі.

Кең таралған есім

2008 жылы Мұхаммед есімі Лондонда туған нәрестелерге ең көп қойылған ат болған. Жалпы тек Англияда ғана емес, бүгінде Еуропаның басқа да елдерінде Мұхаммед есімі өте көп таралған. Мәселен, деректерге сүйенсек, Бельгияда дүниеге келетін сәбилердің жартысы мұсылмандар, соның көбі Мұхаммед есімін алатын көрінеді.

Қазақ халқы да Мұхаммед есіміне кенде емес. Атақтылар арасынан Махамбет, Дінмұхаммед Қонаев, Мұхаммед-Қанапия (Шоқан), Мұхаметжан Тынышпаев, Мұхаммедқали (Мұқағали) Мақатаев, Нұрмұхаммед (Балуан Шолақ), т.б. айта берсе болады. Асыл дініміздің қайта өркендеуімен қазір де қазақ сәбилеріне Дінмұхаммед, Нұрмұхаммед, Мұхаммедәли және Мұхаммед есімдері жиі қойыла бастады.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру