ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫНЫҢ АБЗАЛДЫҒЫ

11 наурыз 2024 585 0
Оқу режимі

Ардақты пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Кімде-кім қасиетті Рамазан айында бір зікір мәжілісіне қатысса Алла Тағала ол кісінің мәжіліске барып-қайтқан әрбір адымына бір ғибадат сауабын жазады және ол кісі қиямет күні менімен бірге Ұлы Арштың астында болады. 

Кімде-кім қасиетті Рамазан айында намаздарын жамағатпен оқитын болса Алла Тағала ол кісіге оқыған әр рәкаты үшін Жәннатта нұрдан бір шаһар ихсан етеді (сыйлайды). 

Кімде-кім бұл айда қолынан келгенше ата-анасына жақсылық жасаса Алла Тағала ол кісіге рахмет назарымен қарайды және мен де оған кепіл боламын.

Кімде-кім қасиетті Рамазан айында бір мұсылманның мұқтаждығын шешіп берсе Алла Тағала оның мың мұқтаждығын шешіп береді. Кімде-кім бала-шағалы бір кедейге садақа берсе Алла Тағала оған миллион сауап жазады, оның миллион күнәсін кешіреді және оның дәрежесін миллион сатыға көтереді.

Кімде-кім мұсылман бауырының мұқтаждығын өтеу үшін үйінен шықса, шыққан жеріне қайта оралғанша Алла Тағала ол үшін әрбір адымына жетпіс сауап жазады және жетпіс күнәсін өшіреді. 

Хазреті Имам Раббани (қ.с) былай деді: «Кім бұл айда хайырлы, салиқалы амал жасауда жетістікке жетсе, муаффақ болса ол кісі жыл бойы хайырлы амал жасауда жетістікке жетеді. Бұл айды ретсіз, қалай болса солай өткізсе жыл бойын солай өткізеді. Бұл айды мүмкіндік деп қабылдап, барынша рухани жақтан дамып-жетілу үшін қайрат-жігер көрсету қажет».

Ардақты пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  ауызашар уақтында мына дұғаны оқитын: «Зәһәбәз зәмәә-ү, уәбтәлләтил ‘урууқу, уә сәбәтәл әжру ин шәә Аллаһу Таалә».

Бұл айда тарауих намазын оқу, Құран кәрімді хатым ету – көптеген пайда мен сауап еншілейтін сүннет-і муәккәдә амалдардан. Алла Тағала біздерді хабибі пйағамбарымыздың құрметіне бұл амалдарды жасауда муаффақ қылсын.

 

Пікірлер Кіру