ТОҚЫМ ҚАҒУ

23 ақпан 2024 786 0
Оқу режимі

Ашамайға мінген соң іле-шала бәсіресіне мінген бала бірінші рет үйінен алысқа жолаушылағанда әке-шешесі бір малын сойып, оның "ТОҚЫМ ҚАҒАРЫН" өткізеді.

Ал "ТОҚЫМ ҚАҒУ" ақ ниеттен, адал көңілден атқарылатын ата-аналық парыз. Міне, осыдан кейін қазақ бұл балаға арнайы айыл-тұрман, ер-тоқым, жүген-ноқта, шілдер мен кісен, арқан дайындайды. Былайша айтқанда, бәсірені жабдықтау шарт. Өйткені осыдан бастап баланы баулу, еңбекке тәрбиелеу, анығырақ айтқанда оқыту басталады. Бұрын қазақта мектеп болмаған. Медіресе аз. Надан, балалары тәрбиесіз деп кеудесімен ат басып кете жаздап жүргендер - шетінен дөйдала, пілге үргендер еді. Бірақ олар қанша үрсе де түйенің үстіндегі қазақты қаба алған жоқ.

"ТОҚЫМ ҚАҒУ" соларға қапқызбаудың, соғысса жеңілмеудің алғашқы сабағы. Біз осы "ТОҚЫМ ҚАҒАРҒА" дейін баланың он жас айналасындағы кезін сөз еттік. Бұған дейінгінің бәрін қазақ балалық кез дейді. Жүген-құрықсыз дербес шақ дейді де,

оннан аса еңбек мектебіне кіргізеді, оқытады.

САЛТЫҢ-САНАҢ, ДӘСТҮРІҢ-ДӘУЛЕТІҢ, ҒҰРПЫҢ-ҒҰМЫРЫҢ - дейді, дана бабаларымыз.

 

Пікірлер Кіру