1 жылда 142 отбасыға баспана берілді (ФОТО)

29 желтоқсан 2020 3016 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы сан ғасырдан бері ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан қайырымдылық шарасын негізгі жұмыс бағыттарының бірі етіп, осы салаға басымдық беріп келеді. Имам-молдалар демеуші азаматтар мен жомарт жандардың қолдауымен түрлі деңгейдегі қайырымдылық істерге ұйытқы болуда.   

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет» қорының республика бойынша өткізетін ең ауқымды қайырымдылық жобасының бірі – «Ел үлесі – пәтерге» акциясы. Жоба мақсаты – пәтерге аса мұқтаж жандарға баспаналы болу бақытын сыйлау. 2020 жылы «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 142 мұқтаж отбасыға пәтер кілті табысталды. Ал осы жоба жүзеге асқан сәттен бері 342 отбасы баспаналы болды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен пандемия кезінде «Жүрек жылуы» акциясы аясында 17 мың отбасыға қайырымдылық жасалды. 67 ауруханаға ем-домға қажетті аппараттар жеткізілді.

Үйлерін су шайып кеткен мақтааралдық азаматтарға қажетті азық-түлік пен киім-кешек тиелген 50-ден астам ауыр жүк көліктері жіберілді. «Арысқа жылу» қайырымдылық акциясы аясында тұрғындарға қажетті көмек көрсетілді.

«Зекет» қоры мүфтияттың 30 жылдық мерейтойына орай «Нұр-Мүбәрак» университетінде оқитын 19 шәкірттің оқу ақысын төледі. Одан бөлек өзге оқу орнында оқып жатқан 17 студенттің оқу ақысы толық төленді.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру