1000 дін қызметкері форумға онлайн қатысты (ФОТО)

11 желтоқсан 2020 2722 0
Оқу режимі

Елордада өткен «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумына 1000 дін қызметкері онлайн режимде қатысты.

Індет жұқтыру қаупінің сейілмеуіне байланысты имамдар форумына өңірлердің бас имамдары ғана келіп қатысты. Ал қалған дін қызметкерлері форум жұмысын онлайн тамашалап, жиында қабылданған «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті», «Зияткер имам» құжаттарымен таныс болды.

Аталған құжаттар жұртшылық арасында орындалатын діни рәсімдерді бірізділікке келтіруге және зияткер имам мәртебесін беруге лайықты дін қызметкерлерін іріктеуге оң ықпалын тигізбек.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру