2000 ШӘКІРТ ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІНДЕГІ ЖАЗҒЫ САУАТ АШУ КУРСЫН АЯҚТАДЫ

26 маусым 2023 1683 0
Оқу режимі

25 маусым күні Астана мешіттеріндегі «Имани  жаз-2023» жазғы сауат ашу курсы өз мәресіне жетті.

Бір айға жуық уақыт аралығында 2000-нан астам бала шәкірт елорда мешіттерінде Құран әліппесі, имандылық сабақтарымен қатар тәлім-тәрбие дәрістерін алды. Сауат ашу курсындағы бүлдіршіндерге сабақ беруге мешіт ұстаздарымен қатар «Астана» медресесінен арнайы шәкірттер шақырылған болатын. Кеше сауат ашу курсының аяқталуына байланысты қаладағы мешіттің имамдары мен ұстаздары шәкірттермен және олардың ата-аналарымен бас қосты. Берекелі жиында мешіт ұстаздары құттықтау сөз сөйлеп, оқушылардың жиырма күндік жетістіктері жайлы ата-аналарына баяндап берді. Аз уақыттың ішінде курс шәкірттері Алла Тағаланы тану, ата-анаға құрмет көрсету, Исламдағы әдептер, дұрыс тамақтану, киім кию, ас ішу, ұйықтау әдептері секілді пайдалы әрі маңызды дәрістерден үлгі-насихат ала білді. Ата-аналар балаларының осы қысқа мерзімде алған білімдеріне тәнті болып, мешіт имамдары мен ұстаздарына әлі де алғыстарын жаудыруда.  Салтанатты рәсімге арнайы келген ата-аналар балаларға дәріс берген медресе шәкірттеріне ризашылықтарын білдірді. Барлық дерлік мешітте өткен жиын соңында мешіт ұстаздары шәкірттерге жазғы сауат ашу курсын толық аяқтағанын растайтын арнайы куәлік және Астана өкілдігі атынан сый-сияпат табыстады.

Айта кетейік, биыл «Имани жаз-2023» жазғы сауат ашу курсында Астана қаласының «Әзірет Сұлтан» мешітінде 600 бала, Республикалық Бас мешітте 500, Насыр әл-Фараби мешітінде –170 бала, Сәдуақас қажы Ғылмани мешіті, Ырыскелді қажы және Әлжан ана мешіттерінде – 120 бала, Aqmeshit, Кунта қажы, Әл-Ғани және Раиса ана мешіттерінде – 70 бала,  Төлебай мешітіде – 60 бала, Әл-Фаттах және Көктал мешіттерінен – 50 бала, Әр-Рахман мен Әс-Сәләм мешітінен 30 бала имандылық нәрімен сусындап, тәлім алып шықты.

«Әл-Фараби»: Жазғы сауат ашу курсын 170 шәкірт аяқтады (фото)240623 ImaniZhaz 4

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру